-
МӘРХӘБӘН, ЙӘ, ШАҺРЫ РАМАЗАН!
«Рухани мұра» сериясының келесі кітабына Мәулекей Жұмашевтың 1898 жылы Қазанда жарық көрген «Мәрхабан, йә, шаһры рамазан» деген шығармасы еніп отыр. Шығыс мұсылман әдебиетінің үлгісімен қисса-дастандар жазған М.Жұмашев («Юмачиков) (1834-1910 жж.) «Салсал қиссасы», «Фарһад-Шырын», «Тамимдар қиссасы» секілді жарыққа шығарған. Оның рамазан айының ұлықтығын жырлаған бұл туындысы 1898 жылы Қазан университетінің баспаханасында басылған. Одан кейін қайта жарық…
-
МӘРХӘБӘН, ЙӘ, РАМАЗАН!
«Рухани мұра» сериясының алғашқы кітабына Кәрібоз Қаңтарұлының 1912 жылы Қазанда жарық көрген «Мәрхабан, йә, рамазан» деген шығармасы еніп отыр. Кәрібоз Қаңтарұлының 1916 жылғы Қарқара жәрмеңкесіндегі Албан көтерілісі басшыларының бірі болғандығы белгілі. М.Әуезовтің «Қилы заман» шығармасында оның сол көтерілісте ұсталып, абақтыда атып өлтірілгені туралы айтылады. К.Қаңтарұлының діни-дидактикалық бұл шығармасында рамазан айының қадір-қасиеті, ораза ұстаудың ерекшелігі туралы…
-
Бішкекте өткен ғылыми шарада ҚМДБ ИҒЗИ директоры Т. Қыдыр конференцияның IV отырысына басшылық етті.
2025 жыл 26-27 қыркүйек күндері Бішкек қаласында «Халықаралық түркі ағарту қозғалысындағы Османаалы Сыдыков мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл ғылыми шараға ҚМДБ ИҒЗИ директоры Төрәлі Қыдыр қатысып, «Түркі халықтары әдебиетінде «Ояну ғасырының» жырлану ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияның IV отырысына басшылық жасады. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан секілді елдердің белгілі ғалымдары қатысып, өз…
-
ИҒЗИ: МАЛАЙЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚОНАҚТА
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Малайя университеті ұйымдастырған «Қазақстан мен Малайзиядағы исламтанулық зерттеулер: ортақ тұстары мен өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы барысында Малайя университетінің (UM) делегациясы ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтына болды. Делегацияны Малайя университеті Тәрбие орталығының декан орынбасары доктор Мұхиддин Дауд Әли мен аталмыш оқу орнының Ислам тарихы, өркениеті және білім беру кафедрасының меңгерушісі, профессор…
-
Бішкекте өткен халықаралық ғылыми шарада ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т. Қыдыр Мәурәннәһірдегі ислам ілімдері жайлы сөз сөйледі.
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр 2025 ж. 11-12 қыркүйекте Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі аясында өткен «Сиражуддин әл-Оши және оның ислам ғылымына қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «X-XII ғасырдағы Мәурәннәһір аймағында ислам ілімдерінің дамуы және медреселердің жалпы жағдайы» тақырыбында баяндама жасады.Ғылыми шараға түркі елдерінің исламтанушы ғалымдары қатысты
-
ИҒЗИ ДИРЕКТОРЫ Мухиттин Шимшекті қабылдады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, ғылым докторы Мухиттин Шимшекті қабылдады. Кездесуде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары сөз болды. Тараптар бірлескен ғылыми жобалар жүргізу мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.
-
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр Ташкенттегі халықаралық конференцияда
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр 2025 ж. 15 тамызда Абайдың 180 жылдығына орай Ташкентте (Өзбекстан) өткен «Орталық Азия халықтарының мәдени жақындасуын нығайтудағы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. Т.Қыдыр өз баяндамасында Абай шығармашылығына классикалық түркі жазба әдебиетінің әсері, ондағы «Әліппе» өлең өрнегі туралы өз ойларымен бөлісті. Ғылыми шараға…
-
ИҒЗИ: ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫ САҚТАУ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтында «Жазба мәдениетінің рухани құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Б.Бакиров, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азия Кеңсе Басшысы С.Абдунаим, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж.Болдықов, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы департамент директоры Р.Ибраев және исламтанушылар, дінтанушылар, қолжазбатанушылар және реставраторлар…
-
ҒЫЛЫМ ИСЛАМ ӘЛЕМІНЕ ОРАЛАДЫ
Халқымыз ислам дінін өзінің төл мәдениетімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен үндестіре ұстанып келеді. Ислам құндылықтары қазақ дүниетанымымен ұштасып, өзіндік келбетке ие болғаны мәлім. Қазіргі уақытта ұлтымыздың рухани құндылықтарын сақтау мәселесі өзектіленіп, халқымызға тән дәстүрлі исламды дәріптеуге назар аударыла бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан…
-
бас мүфти «айқын» газетіне берген сұхбатында институт жаңалықтарымен бөлісті
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Айқын» газетіне берген сұхбатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі уақытта атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырды. Сұхбат барысында Н.Тағанұлы ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының ғылыми еңбектерін де тілге тиек етті. Бас мүфти Ислам ғылыми-зерттеу институтының ашылу мақсатын Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзімен етене байланыстырып, халқымыздың дүниетанымына сәйкестендіре отырып, ислам дінін дәріптеу маңызды екенін…
Жалпы

Lorem ipsum dolor sit amet, consec tetur adipiscing elit. Maecenas odio lacus, dignissim sollicitudin finibus commodo, rhoncus et ante.













