Институт директоры Төрәлі Қыдыр қорық-музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Мейірбекұлымен кездесіп, алдағы жоспарлар жөнінде сұхбаттасты.
Қорық-музей құрамында 43 тарихи-мәдени ескерткіш бар. 1-і халықаралық, 21-і республикалық, 2-і жергілікті маңызға ие. 19 ескерткіш алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.
Сонымен қатар қорық-музейде көне қолжазбалар мен ескі кітаптардың мол қоры сақталғаны белгілі. Олардың басым бөлігін руханиятымызға арналған жәдігерлер құрайды.
Дәстүрлі діни құндылықтарымызды насихаттауда сол рухани мұралардың алар орны ерекше.
Алдағы кезеңде бірлескен зерттеулер жүргізу мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
