ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

✅ Бүгін Астана қаласындағы Нұр-Сұлтан мешітінде «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ислам өркениеті» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

✅ Аталған ғылыми жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

✅ Конференция барысында ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр баяндама жасады.

✅ Ғылыми жиында Қазақ хандығы дәуіріндегі ислам өркениетінің дамуы, қазақ даласындағы діни-рухани мұраның тарихи сабақтастығы, түркі-мұсылмандық дәстүрлер мен жазба жәдігерлердің ерекшеліктері талқыланды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *