Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Ислам зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапарын түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады.
Зияратқа Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов арнайы қатысты. Бас мүфти қасиетті Құран аяттарын бағыштап, еліміздің амандығы мен тыныштығын, тарихи тұлғаларымыздың рухына береке тіледі.
Іс-шара барысында Төрәлі Қыдыр кесене үшін қолданылған Иасауидің қабір жапқышының біздің институттың еңбегі екенін айтып, оның тарихи және рухани мәні ерекше екенін көрсетті.
Жоспар бойынша, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Төрәлі Қыдыр Түркістан облысында өтетін бірқатар маңызды іс-шараларға қатысып, өңірдегі рухани және қоғамдық жобаларды қарастыруға үлес қосуы күтілуде.
