«Рухани мұра» сериясының келесі кітабына Мәулекей Жұмашевтың 1898 жылы Қазанда жарық көрген «Мәрхабан, йә, шаһры рамазан» деген шығармасы еніп отыр.
Шығыс мұсылман әдебиетінің үлгісімен қисса-дастандар жазған М.Жұмашев («Юмачиков) (1834-1910 жж.) «Салсал қиссасы», «Фарһад-Шырын», «Тамимдар қиссасы» секілді жарыққа шығарған. Оның рамазан айының ұлықтығын жырлаған бұл туындысы 1898 жылы Қазан университетінің баспаханасында басылған. Одан кейін қайта жарық көрмеген.
Діни-дидактикалық шығармада рамазан айының ерекшелігі, ораза ұстаудың маңызы туралы сөз болады.
