2025 жыл 26-27 қыркүйек күндері Бішкек қаласында «Халықаралық түркі ағарту қозғалысындағы Османаалы Сыдыков мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл ғылыми шараға ҚМДБ ИҒЗИ директоры Төрәлі Қыдыр қатысып, «Түркі халықтары әдебиетінде «Ояну ғасырының» жырлану ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияның IV отырысына басшылық жасады. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан секілді елдердің белгілі ғалымдары қатысып, өз ойларын ортаға салды
Бішкекте өткен ғылыми шарада ҚМДБ ИҒЗИ директоры Т. Қыдыр конференцияның IV отырысына басшылық етті.
