Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің 49-шы мәжілісі өтті.
Аталған жиынға ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр қатысты.
Мәжіліс барысында қазіргі қоғамдағы өзекті діни, әлеуметтік және ғылыми-технологиялық мәселелер талқыланып, “ЖИ жасаған ғылыми контентті өзіне телу үкімі”, “Жасанды етті (Lab-grown meat) қолдану үкімі”, “Кебінге Құран аяттарын жазудың үкімі”, “Моральдық зиян үшін өтемақы алудың үкімі” және “Банктік тауарруқ үкімі” тақырыптары бойынша бірқатар пәтуалар қабылданды.
Сонымен қатар діни білім беру жүйесіндегі тәрбие мен әдеп мәселелеріне ерекше назар аударылып, “Ұстаздың тұлғалық келбеті” және “Діни білім беру ұйымдарындағы шәкірт әдебі және рухани-тұлғалық бейнесі” атты құжаттар қаралды.





