ҚҰДІРЕТНАМА

«Рухани мұра» сериясының келесі кітабы – Қожа Ахмет Иасауидің «Құдіретнама» атты мұрасына арналған. «Түркістан пірінің» осы уақытқа дейін «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Әдәб дәр тариқат», «Мират әл-қулуб» секілді жарық көріп, ғылыми айналымға енген. Ал, «Құдіретнама» атты шағын дүниесі қазақ тілінде алғаш рет жарияланып отыр.

Көне қолжазба Өзбекстан Республикасы Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының сирек қолжазбалар қорында «Қудратнома-и Султону-л-арифин» деген атпен сақталған (№7174, 1b-4b).  

«Құдіретнамада» Алланың құдіреті мен он сегіз мың ғаламның жаратылу хикметі сөз болады. Кітапта «Құдіретнаманың» транскрипциясы, (көркем және ғылыми) аудармасы мен факсимилесі қоса берілген.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *