Зерттеулер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының Жарғысына сәйкес институттың негізгі қызметі мен стратегиялық даму бағыттары:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси прогресіне және тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық қоғамның зияткерлік және рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-идеологиялық, философиялық-әдістемелік, саясаттану, дінтану және социологиялық зерттеулер жүргізу.

2) Әлемдік және отандық философия, саясаттану, дінтану, мәдениеттану және әлеуметтану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы және ғылыми-аналитикалық зерттеулерді жүзеге асыру.

3) Қазақ мәдениеті мен философиясының идеялық және теориялық-әдістемелік мәселелерін зерттеу.

4) Демократиялық үдерістің дамуына, Қазақстанда азаматтық қоғамның негізгі институттарының орнығуына, қоғамның философиялық, саяси, рухани-гуманистік мәдениетінің дамуына жәрдемдесу.

5) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау, мониторингтеу және болжау.