ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИДІҢ «ҚҰДІРЕТНАМА» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ.

Түркістан қаласында өткен халықаралық конференция аясында ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының «Рухани мұра» жобасы бойынша екі жаңа кітап – Қожа Ахмет Ясауидің «Құдіретнама» және Мұхаммед Шәріп Ахун Молда Ғұмарұлының «Раддия» – оқырман назарына ұсынылды.

Салтанатты тұсаукесер рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, ясауитанушы-ғалым профессор Досай Кенжетай және Түркиядан келген Хаджеттепе университетінің профессоры Өзкүл Чобаноғлу қатысты. Сонымен қатар, Ислам зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр сөз сөйлеп, еңбектердің рухани және ғылыми құндылығын атап өтті.

«Құдіретнама» Алланың құдіреті мен жаратылыс сырларын ашса, «Раддия» кітапта қажылық парызы, оның шариғи үкімдері және «бадәл» мәселелері кеңінен қарастырылған. Екі еңбек те қазақ тілінде оқырманға ұсынылып, ғылыми орта мен жалпы халыққа жол тартты.

Бұл кітаптар қазақ руханияты мен исламтану саласында маңызды қадам болып саналады, әрі тарихи мұраның жаңа буынға жеткізілуін қамтамасыз етеді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *