ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ

✅ Бүгін Астана қаласындағы Нұр-Сұлтан мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам және адал қоғам» атты кітабының таныстырылымы өтті.

✅ Аталған рухани-танымдық шараға ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр қатысты.

✅ Мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында жаңа еңбектің рухани-әлеуметтік маңызы кеңінен сөз болды.

✅ Кітапта ислам құндылықтары аясында адалдық, әділдік, жауапкершілік, отбасы тәрбиесі мен қоғамдық қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қарастырылған.

✅ Айта кетейік, ҚМДБ 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Жаңа еңбек осы бағыттағы рухани-ағартушылық жұмыстардың маңызды жалғасы саналады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *