«Қожа Ахмет Ясауи тағылымы» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференция Түркістанда өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи тағылымы – түркі дүниесінің рухани мұрасы» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-танымдық конференцияға қатысты. Бас мүфти сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ясауидің есімін ұлықтауға және мұрасын дәріптеуге мән беріп келе жатқанын атап өтті.

Конференция жұмысына Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ясауитанушы-ғалым профессор Досай Кенжетай, Түркиядан профессор Жасым Авжы, Өзбекстаннан профессор Нодирхон Хасан, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Мұхан Исахан және Ислам зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр, конференция модераторы ретінде, жетекшілік етті.