Рубрика: Іс сапарлар
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Ислам зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапарын түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады. Зияратқа Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов арнайы қатысты. Бас мүфти қасиетті
-
Бішкекте өткен ғылыми шарада ҚМДБ ИҒЗИ директоры Т. Қыдыр конференцияның IV отырысына басшылық етті.
2025 жыл 26-27 қыркүйек күндері Бішкек қаласында «Халықаралық түркі ағарту қозғалысындағы Османаалы Сыдыков мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл ғылыми шараға ҚМДБ ИҒЗИ директоры Төрәлі Қыдыр қатысып, «Түркі халықтары әдебиетінде «Ояну ғасырының» жырлану ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияның IV отырысына басшылық жасады. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан секілді елдердің белгілі ғалымдары қатысып, өз
-
Бішкекте өткен халықаралық ғылыми шарада ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т. Қыдыр Мәурәннәһірдегі ислам ілімдері жайлы сөз сөйледі.
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр 2025 ж. 11-12 қыркүйекте Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісі аясында өткен «Сиражуддин әл-Оши және оның ислам ғылымына қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «X-XII ғасырдағы Мәурәннәһір аймағында ислам ілімдерінің дамуы және медреселердің жалпы жағдайы» тақырыбында баяндама жасады.Ғылыми шараға түркі елдерінің исламтанушы ғалымдары қатысты
-
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр Ташкенттегі халықаралық конференцияда
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр 2025 ж. 15 тамызда Абайдың 180 жылдығына орай Ташкентте (Өзбекстан) өткен «Орталық Азия халықтарының мәдени жақындасуын нығайтудағы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. Т.Қыдыр өз баяндамасында Абай шығармашылығына классикалық түркі жазба әдебиетінің әсері, ондағы «Әліппе» өлең өрнегі туралы өз ойларымен бөлісті. Ғылыми шараға



