Рубрика: Жаңалықтар
-
Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз.
-
ЖӘДІГЕРДЕГІ ЖАЗУЛАР СЫРЫ
Жаркент мешіті — сәулеті жарасқан құлшылық орны ғана емес, сонымен бірге екі мәдениеттің синтезі. Тарихи мешітте хұснихат үлгісінде елуге жақын жазу бар. Араб, парсы және түркі тіліндегі сол жазулар толық оқылмаған. ҚМДБ тарапынан қолға алынған «Қазақ даласындағы қасиетті жерлер мен киелі мекендер» жобасын орындау барысында осы тарихи жәдігерге арнайы барып, сондағы жазулармен танысудың сәті түсті.…
-
ИҒЗИ: ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Еділбайұлы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Жүсіпбек Айдарбекұлы бастаған институт өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында екі мекеме арасындағы ғылыми-білім беру бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу, арнайы дәрістер курсын ұйымдастыру, имамдардың кәсіби және діни білімін жетілдіруге…
-
Абай университетінде «Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.
Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы іргелі рөлін заманауи ғылыми жетістіктер тұрғысынан зерделеуді мақсат етті. Жиында университеттің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Түркияның Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гюндогду, белгілі тарихшы Қанат Өскенбай, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Факия Шамшиденова, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімдері мен докторанттар…
-
Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Алтын Орданың ислам және рухани мәдениеті сараланды
Алтын Орданың ислам және рухани мәдениеті тақырыбындағы ғылыми панель Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, қауымдастырылған профессор, PhD Суат Бейлурдың модераторлығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төрәлі Қыдыр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Меңдігүл Ноғайбаева, АБДИ Гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.к., Қанат Өскенбай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық…
-
Алтын Орданы зерттеудің жаңа ғылыми тәсілдері таныстырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлем тарихындағы Алтын Орда: зерттеулердің жаңа тәсілдері мен бағыттары» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Басқосуға еліміздің жетекші тарихшылары, шығыстанушылары, археологтары және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел бағдарламасы Алтын Орда тарихына қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды. Қатысушылар әлем тарихындағы Алтын Орданың орны мен рөлін, жазба және археологиялық деректерді…
-
Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі»
ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының Қолжазба қорында сақталған жазба жәдігердің бірі — Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі». Қолжазба екі-үш хұснихат үлгісінде көшірілген. Диуан дегенімізбен де, баяз секілді соңғы жағында парсы тілінде жыр жолдары кездеседі. Қолжазбадағы мәтіндік-эволюция назар аударарлық. Алғашқы беттерінен-ақ, жыр жолдарындағы өзгерістерді байқауға болады. Мысалы: «Бисмиллә» деп бәйан әйлай хикмет айтып» деген жол мұнда «Бисмилләдін»…
-
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өтті
Қасиетті құрбан айт мерекесімен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ислам ғылыми-зерттеу институтында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің «6В02201 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік практикаға келген студенттермен танысу кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерге институттың ғылыми-зерттеу бағыттары, атқарылып жатқан жобалар мен қолжазба, сирек кітаптарды зерттеу жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар өндірістік…
-
«ҚОЛЖАЗБАЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ өтті.
Алқалы жиынға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр, «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Нұрлан Бақытжанұлы Сейдін, ҚР ҒЖБМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Халықаралық ғылыми…









