ИҒЗИ: ҮНДІСТАН МЕН ИРАН ҒАЛЫМДАРЫ ҚОНАҚТА

✅ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам ғылыми-зерттеу институтында Үндістан Республикасы мен Иран Ислам Республикасынан келген белгілі ғалымдармен ғылыми кездесу өтті.

✅ Институтқа арнайы келген мәртебелі қонақтар қатарында Махмуд Алам (Хайдарабад университетінің қауымдастырылған профессоры, Үндістан), Шаши Кант (Джавахарлал Неру университетінің докторы, Үндістан), Сайд Ахтар Хосейн (Джавахарлал Неру университетінің профессоры, Үндістан) және Нахид Моршедлу (профессор, шығыстанушы ғалым, Иран) болды.

✅ Шетелдік ғалымдарды Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр бастаған институт ұжымы қарсы алды.

✅ Кездесу барысында қонақтарға институттың қалыптасу тарихы, құрылымдық бөлімдері, негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалары мен алдағы жоспарлары таныстырылды.

✅ Сондай-ақ ғалымдар институт жанындағы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының жұмысымен танысып, қорда сақталған құнды жазба мұралар мен тарихи дереккөздерге ерекше қызығушылық танытты.

✅ Ғылыми жүздесу аясында исламтану, дінтану, діни және рухани мұраларды зерттеу бағыттарындағы өзекті мәселелер қозғалып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

✅ Атап айтқанда, тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми тәжірибе алмасу, қолжазба мұраларды зерттеу және академиялық серіктестікті нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

✅ Кездесу Ислам ғылыми-зерттеу институтының халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтуге, отандық исламтану ғылымын әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

🌐 Ғылым мен рухани мұраны зерттеу жолындағы халықаралық ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *