РАДДИЯ

. «Рухани мұра» сериясының келесі кітабы – Мұхаммед Шәріп Ахун Молда Ғұмарұлының «Раддия» кітабы. Литография 1914 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Кітап бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Қолжазба және Сирек кітаптар бөлімінде сақталған.

«Раддия» – 1913 жылы Ғұмар Қараштың «Бәдәл-Хажж» деген рисаласындағы діни мәлеселелерге қарсы жауап ретінде жазылған. Онда қажылықтағы «бәдәл» – біреу үшін қажылық ету мәселесі шариғи дәлел-айғақтармен, әһлі сүннет уә әл-жамағат ұстанымына сәйкес талданған.

Мұхаммед Шәріп ахунның рухани мұрасы әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген. Әкесі Молда Ғұмар Жазықұлының Бөкей Ордасы, Талов қисымында дінге берік танымал халфе, қажы, ахун, мешіт ұстаған указной молда болғандығы, Ғ.Қараштың ұстазы екендігі жайлы деректер кездеседі.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *