Жаркент мешіті — сәулеті жарасқан құлшылық орны ғана емес, сонымен бірге екі мәдениеттің синтезі.
Тарихи мешітте хұснихат үлгісінде елуге жақын жазу бар. Араб, парсы және түркі тіліндегі сол жазулар толық оқылмаған.
ҚМДБ тарапынан қолға алынған «Қазақ даласындағы қасиетті жерлер мен киелі мекендер» жобасын орындау барысында осы тарихи жәдігерге арнайы барып, сондағы жазулармен танысудың сәті түсті. Негізінен, бірнеше бөліктен тұрады екен. Хаттаттың шеберлігі байқалады.
Алла қаласа, алдағы уақытта сол жазуларды толық оқып, арнайы жинақ шығару ойымызда бар.
Музей басшылығы тарихи жәдігерді ЮНЕСКО тізіміне қосу жоспарда бар екенін алға тартты. Әбден лайықты!
Ислам ғылыми-зерттеу институтының өкілдерін жылы қабылдаған музей меңгерушісі Арай Тоқтарбайқызына, жәдігермен таныстарған Жанар Аманжолқызына, осы сапарымызды ұйымдастырған Айша Серікқызына, сондай-ақ бізді таныстырған Меңдігүл Сағатқызына айтар алғысымыз шексіз.
Мешіт ауласына кірер қақпаның айналасына парсы тілінде бірнеше сөз жазылған екен. Иранист ретінде бірден көзімізге түсті. Оқыдық.
Оң жақтағы жазу: «Жәннатпен сүйіншіленген сахабалар — он адам: Әбу Бәкір, Омар, Әли, Осман, Сағд, Сағидғ Әбу Убайда, Талха, Зубайр және Абдуррахман. Пайғамбар осы он адамға, сондай-ақ Фатима, Хасан және Хусейнге де сүйінші хабар жеткізген».
Сол жақтағы жазу: «Пайғамбардың тоғыз әйелі болды, барлығы да асыл еді: Айша мен қадірлі Хадишадан бөлек, Умм Хабиба, Хафса және Зейнеп, Маймуна, Сафия, Сауда және Умм Сәләмә. Пайғамбардан шын мәнінде жеті перзент дүниеге келді — үш ұл мен төрт қыз




