Абай университетінде «Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы іргелі рөлін заманауи ғылыми жетістіктер тұрғысынан зерделеуді мақсат етті. Жиында университеттің Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Түркияның Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гюндогду, белгілі тарихшы Қанат Өскенбай, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Факия Шамшиденова, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімдері мен докторанттар баяндама жасады. Спикерлер Жошы ұлысының тарихнамасы мен оны бүгінгі буынға оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін жан-жақты талдады.

Ислам ғылыми-зерттеу иститутының директоры Төрәлі Қыдыр өзінің баяндамасында Алтын Орда мәдениеті мен Жошы ұлысының тарихнамасы мен оны бүгінгі буынға оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін жан-жақты талдады. Төрәлі Қыдыр Абай университетімен интеграциялық жоба аясында дайындалған авторлық «Жошы ұлысының әдеби мұрасын оқыту» кітабын көпшілік алдында таныстырылымын жасады. Бұл еңбекте Жошы ұлысында жазылған әдеби жәдігерлердің көркемдік және жанрлық ерекшелігі, кейінгі ғасырларда жазылған шығармаларға әсері, сондай-ақ, олардың қазақ руханиятындағы орны мен маңызы жан-жақты зерделенген.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *