Алтын Орданың ислам және рухани мәдениеті тақырыбындағы ғылыми панель Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, қауымдастырылған профессор, PhD Суат Бейлурдың модераторлығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төрәлі Қыдыр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Меңдігүл Ноғайбаева, АБДИ Гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.к., Қанат Өскенбай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен т.ғ.к., профессор Нұрлан Атығаев, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Ықтияр Палтөре, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Марыс Қадылбек және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Қайрат Қайполла қатысумен өтті.




