Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі»

✅ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының Қолжазба қорында сақталған жазба жәдігердің бірі — Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі».

✅ Қолжазба екі-үш хұснихат үлгісінде көшірілген. Диуан дегенімізбен де, баяз секілді соңғы жағында парсы тілінде жыр жолдары кездеседі.

✅Қолжазбадағы мәтіндік-эволюция назар аударарлық. Алғашқы беттерінен-ақ, жыр жолдарындағы өзгерістерді байқауға болады. Мысалы:

«Бисмиллә» деп бәйан әйлай хикмет айтып» деген жол мұнда «Бисмилләдін» бәйан әйләй хикмет айтып» деп, ал «Жанны жанға пәйуанд қылыб, рәгні аулаб» деген жер мұнда «Жанны жанға пәйуанд қылдым, рәгні аулаб» деп берілген.

«Ғариб, йәтим, фәқирләрні көңлін аулаб» деген жер мұнда «Ғариб, фәқир, йәтимләрнің хәлін сұраб» деп жазылған.

✅ Жазба жәдігерді кодикология-текстологиялық тұрғыдан зерттеу маңызды. Бұл қолжазба ғылымға белгілі басқа нұсқалармен салыстырылып, өзіндік ерекшелігі анықталатын болады.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *