Қасиетті құрбан айт мерекесімен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ислам ғылыми-зерттеу институтында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің «6В02201 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік практикаға келген студенттермен танысу кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге институттың ғылыми-зерттеу бағыттары, атқарылып жатқан жобалар мен қолжазба, сирек кітаптарды зерттеу жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар өндірістік практика кезеңінде орындалуы тиіс тапсырмалар түсіндіріліп, ғылыми ізденіс, дереккөздермен жұмыс істеу, ғылыми мәтіндерді талдау және академиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша бағыт-бағдар берілді.
Практика барысында студенттер ғылыми мекеменің жұмысымен танысып қана қоймай, ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алады.
Жас зерттеушілерге өндірістік практикада табыс, тың ізденістер мен ғылыми жетістіктер тілейміз!


