ИНСТИТУТЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда Жошы ұлысының мұрасына арналған көрме ұйымдастырылды.

✅Осы көрмеге Институтымыздың екі жәдігері қойылды: 1) Өзбек хан Құранының көшірмесі; 2) 1310 жылы жазылған Рабғұзидың «Қиссас әл-әнбиясы».

✅ Былтыр күзде Институтымыздың жанынан Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы ашылған болатын. Бүгінде қорда Ислам мәдениеті мен өркениетіне қатысты жүзден аса жәдігер сақталған.

✅Көрмеге қойылған жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *