Бүгін Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Діни сараптама жүргізудің заманауи әдістері мен құқықтық негіздері» атты республикалық рухани-танымдық форум өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Раманқұлов Мақсат Аралбайұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы, Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры Төрәлі Қыдыр және дін саласының мамандары, теологтар, сарапшылар, мемлекеттік мекеме өкілдері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Форум барысында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы дінтану сараптамасы департаментінің директоры Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МСҰМ директоры Талғат Жәрдемқұлұлы және Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы өз салалары бойынша мазмұнды пікірлерін ортаға салды.



