Мұражайдың ашылу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚМДБ Ғұламалар, Сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, шара аясында Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төреәлі Қыдыр арнайы сөз сөйлеп жаңадан ашылған мұражайға құнды тарихи жәдігерлерді сыйға тартты.
Рухани-мәдени маңызды мұражайда қазақ жеріне ислам дінінің келуі, оның тарихи дамуы, ұлт руханиятымен сабақтастығы, қазақ даласынан шыққан ғұламалардың мұрасы, діни-ағартушылық бағыттағы құнды жәдігерлер мен тарихи деректер көпшілік назарына ұсынылды.




