ҚМДБ ҰЖЫМЫ ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елордада дін мен ұлттық дәстүр үндестігін насихаттауға арналған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атты ауқымды рухани-мәдени шара өткізді.

Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс ұйымдастырылған мерекелік басқосуға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр, зиялы қауым, көршілес мемлекеттердің елшілері, дін қызметкерлері және конфессия өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, мерекелік шарада арнайы құттықтап Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Құдайберген Базарбаев, ҚР Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Дін істер комитетінің төраға орынбасары Мақсат Раманқұлов пен конфессия өкілдері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында арнайы құрылған киіз үйлерде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен қонақ күту мәдениеті таныстырылып, келген меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды.

Мерекелік жиынның басты мақсаты – ел ішіндегі татулық пен өзара құрметті нығайту, Наурыз мерекесінің рухани әрі мәдени құндылығын кеңінен дәріптеу, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын кейінгі ұрпаққа насихаттау болды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *