ТҮРКІСТАНДА АНАЛАРДЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысындағы Достық үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, отбасы мен әйел адамның қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

Сондай-ақ конференцияда ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Еділбайұлы ортағасырлық өсиетнамалардың тәрбиелік мәнін талдаса, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Қарашаш ана мен Домалақ ананың тарихи рөліне тоқталды. Философия ғылымдарының профессоры Ықтияр Молдатөреұлы Зере әженің өнегелі тәрбиесін қазіргі әжелер институтымен сабақтастыра қарастырды. PhD доктор, профессор Шамшат Амангелдіқызы қазақ қоғамындағы отбасы институты мен мұсылман әйелінің мәртебесіне ғылыми талдау жасаса, белгілі журналист Марфуға Шапиян тарихи тұлғаларды тәрбиелеген аналар феноменін жан-жақты зерделеді.

Жиында қазақ қоғамындағы «аналар мектебі» отбасы тәрбиесінің негізі ғана емес, ұлттық рухтың, мәдени тұтастықтың және рухани тұрақтылықтың маңызды тірегі екені кеңінен айтылды. Тарихта есімі қалған аналардың ұлт болмысын қалыптастырудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *