Бүгін Түркістан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісі басталды. Ғұламалар кеңесіне ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр қатысты. Кеңес барысыда ҚМДБ-ның «Адал қоғам» тұжырымдамасы (ислам құндылықтары негізінде), жасанды интеллект технологияларына негізделген «Imam AI» мобильді қосымшасының жобасы, сондай-ақ «Аудармашылар алқасы» аясында қазақ тіліне аударылатын классикалық еңбектер жобасы талқылануда. Кеңес мүшелері бірқатар өзекті пәтуаларды қарастыруда. Олардың қатарында келісімшартта уәдені орындау үкімі, жалға берілген жердің ұшырын беру үкімі, чайлдфри үкімі, кейіннен мүлікті иелену құқығымен жалға алу (Ijarah)үкімі және құрбандық етін сатудың үкімі бар.



