Иман мағынасы

«Рухани мұра» сериясын шығаруды ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында араб әрпімен жарық көрген литографиялардан бастағанбыз. Себебі бұл кезеңде діни-танымдық һәм діни-дидактикалық кітаптар көптеп басылғаны белгілі. Олардың басым бөлігі осы уақытқа дейін қайта жарыққа шықпаған, ғылыми айналымға енбеген.

Әрбір авторды зерттеу барысында оның басқа да еңбектерін, бүгінгі ұрпақтарын да қоса іздейміз. Өкінішке орай, бүгінгі ұрпақтарының кейбірі аталарының ондай кітап шығарғанынан хабарсыз болып шығады. Содан кітапты шығарып, ата аманатын бүгінгі ұрпағына табыстайтын кездеріміз де болады.

Кезекті кітабымыз — 1914 жылы Орынборда басылған «Иман мағынасы». Авторы — Жарылғап қажы Жұмабайұлы. Ақын иманның шарттарын өлеңмен жазын шыққан.

Жарылғапберді Жұмабайұлы (кей деректерде Жарылғап қажы Жұмабаев) – қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Жылыадыр деген жерде 1851 жылы дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаржас руынан, оның ішінде Сатылған тармағынан, одан әрі Мәмбет атасынан тарайды . Өнерпаздың қабірі Баянауыл ауданы Күркелі ауылынан шамамен 11 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

«Иман мағынасы» еңбегі 1913 және 1914 жылдары екі рет жарық көрген. Алғашқы басылымы «Кәримов, Хұсаинов уә ширкәсінің» баспаханасында жарық көріп, келесі жылы сол нұсқа аталған типографияда қайта басылған.

«Иман мағынасы» кітабының төрт данасы сақталған (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы, Санкт-Петербургтегі Ресей Ұлттық кітапханасы (каз. 3-1545), Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік кітапханасы).

Бұл кітап дәстүрлі діни құндылықтарымызды тереңірек танып-білуге және ұлттық руханиятымызды дамытуға септігін тигізеді деп санаймыз

Көпшілік қауымның сұранысын қанағаттандыру мақсатымен кітапта кирилл әрпіндегі тәржіма, латынша транскрипция, қадімше қайта терілген түпмәтін мен жәдігердің асылмәтіні (факсимилие) қатар берілді.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *