Танымал ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өткендігі туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық.
Марқұм саналы ғұмырын ұлт руханиятына арнап, қазақ поэзиясы мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол өз шығармашылығы арқылы елдік мүддені қорғап, қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қатып, ұлттың ар-намысын биік ұстауға қызмет етті. Оның азаматтық ұстанымы мен қайраткерлік болмысы кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала беретіні сөзсіз.
Осы ауыр қайғыға байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазақ халқына ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты ұжымы атынан көңіл айтамыз.
Алла Тағала марқұмның жанын рақымына бөлеп, жаннаттан орын нәсіп етсін!
Отбасы мен жақындарына сабыр мен төзім берсін!
Иманды болсын!
Әумин!
