Мүфтият Мінбері

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, дәстүрлі исламды ғылыми негізде зерделеу – институттың басты мақсаты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Н.Тағанұлының бастамасымен, осы ұстанымға сүйене отырып, институтымыз ұлттық руханиятты, діни танымды және тарихи сабақтастықты ғылыми тұрғыда жүйелеуді басты назарға алып, бірқатар ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді.

Институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Қыдыр өз сөзінде аталған бағыттардың маңыздылығын атап өтіп, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі арқылы ұлттық діни мектепті нығайту – институттың негізгі міндеттерінің бірі екенін жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *