Дін тағылымы

«Рухани мұра» сериясының алтыншы кітабына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Дін тағылымы» атты қолжазбасы еніп отыр. Бұл шығармада ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дін-насихат» деген хадисінің мазмұнына терең шариғи түсіндірме беріледі. Діннің мәні — жанашырлық пен мейірімде екені, өзге адамға жан ашымаған, өзгеге аямпаз болмаған жан — дін рухынан мақұрым қалатыны жөнінде тұжырым жасалады. Сонымен қатар шығармада Қасиетті Құранның «Мағун» сүресі негізінде діни-этикалық мазмұн кеңінен ашылып, » дін » ұғымының практикалық шариғи мәні көркем тілмен сипатталады. Мұндай діни-танымдық дүниелер өткен ғасырлардағы мұсылман ойшылдарының шариғи негіздерге сүйеніп жазған рухани-педогогикалық мұраларының көрінісі.Бұл еңбектер — діни білім мен насихатты ұштастырған тәлімдік сипаттағы туындылар.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *