Сирек кітаптар және қолжазбалар қоры

 ҚМДБ ның ” Ислам ғылыми — зерттеу” институтының жанынан ашылған “Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына” 12   қаңтар 2026 жылы Жамбыл облысы, Қордай  ауданы, Өтеген ауылында 1897-1985 ж.ж. өмір сүрген   Сатай ұлы Батқалғазының жеке қорынан Қордай ауданы, Өтеген ауылының тұрғындары Батқалғазы атамыздың келіні Абильдаева Асия Қадырбекқызы мен немересі Сатаев Шыныбек Көрегенұлынан  “Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына” төмендегі кітаптар тапсырылды.

  1. Әміртайұлы Үсембайдың өлеңдер жинағының 1927  жылғы көшірмесі
  2. Халел Досмухамедовтың 1917 жылғы жазған “Шәкірттердің саулығын сақтау”  “ Наставление по гигиене для школьника” атты кітапшасы. .
  3. Түркістан ортақшылар партиясы ташкилатының уезі шаһар комитетіне және әр бір партия  Мүшелеріне Ортақшылар есіне
  4. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни назаратының 1958  жылғы діни календары
  5. “ Мұхтасар тарих Ислам”  1891 жыл
  6. “Ақида Манзума” “Сабах” кітап баспаханасы. Қазан 1909 жыл
  7. “Ғашықтық өлеңдері” Қазан, 1907 жыл
  8. » Мың бір хадис » Қазан, 1906 жыл
  9. Ғ.А. Балмұхамедов  “ Тарих Мухаммадия” Қазақ тілінде. Қазан, 1907 жыл
  10. Қ. Бекқұлы. Ғ. Усмани. “Балаларға қираат”  Қазан, 1910 жыл
  11. “Ғибадат Исламия мажмуғасы” Қазан, 1913 жыл
  12. “Қазақ балалары үшін үгіт” Қазан, 1907 жыл
  13. Шарафуддин ӘлБулғари “Осы Рисәлә Манасикул хаж”  С.Петербург 1901 жыл.
  14. “Ғылым және Тарих” Қазан, 1910 жыл
  15. Сұлтан Рахманқұлы “Мунтазам Қираат” Қазан, 1909 жыл
  16. “Ғибадат Исламия” Бишкек 1991 жыл

Сондай -ақ, Қордай ауданы, Масаншы ауылы “Аль-Куддус” мешітінің молдасы Кутуров Бекер,  Масаншы ауылы  “Имам Ағзам” мешітінің молдасы Хусар Дау Щиваевич. Сортөбе ауылы  “Ханафий” мешітінің молдасы Удый Харби, Сортөбе ауылы  “Хамид бен Бадый” мешітінің имамы Паншаров Губар  тарапынан    “Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына” төмендегі кітаптар тапсырылды.

  1. Құранның 30 парасы. Қарилар мектебі үшін
  2. Құран сүрелері. Куфа жазуымен Араб коллиграфияының үздік үлгісі
  3. “Дәләәилл, ДарусСағадаат”аптаның 7 күніне арналған салауаттар мен дұғалар жинағы
  4. “5 уақыт намаз және Құтбалар” Куфа жазуымен. Араб коллиграфияының үздік үлгісі
  5. “Щархул Виқоя Ғумдатур Риғоя” Ташкент. Литография
  6. Тәпсір “АнуартТанзил уа АсрорутТаьуил” Мухаам аш Ширази ӘлБайдоуий
  7. Тәпсір “Итқан таржиматул Қуран”  Қазан 1914 жыл
  8. “Таржимату Мухтасар Уиқоя” Қазан 1902 жыл
  9. “ЖамиғурРомиз” Ташкент. Литография
  10. Умар бин Мухаммад Әннасафий “Шарх Рамазан Афанди” Даруссағадаат баспасы.
  11. “Тасһилуд Дарурий фи тафсирил Қуран” Қазан мұсылмандарына. 2 томдық
  12. Тафсир Жалалайн
  13. Мишкатул Масаабих. 2 томдық
  14. Сахих Әл Бухари. 2 томдық

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызына, Қордай аудандық “Қордай” мешітінің бас имамы Егізбаев Әлмұхаммед және  аудандық Қордай мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтанға ” Ислам ғылыми зерттеу институтының” қорына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *