ИМАМ АҒЗАМ ҚИССАСЫ. ҚОЖА бАҺАУДДИН ХАЗІРЕТЛЕРІНІҢ ҚИССАСЫ.

Оқырман назарына ұсынылып отырған «Рухани мұра» сериясының 7-кітабына Ибраһим Тілеуқабылұлының 1903 жылы Қазанда жарық көрген «Имам Ағзам қиссасы»,»Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» деген шығармалары еніп отыр. Діни-дидактикалық шығармаларда Ханафи мәзһабының негізін салушы Имам Ағзам Әбу Ханифаның (Сәбит ұлы Нұғман) ғибратты ғұмыры және сопылық ілімдегі Нақшбандия тариқатының ірі өкілі Қожа Баһауддин Нақшбанд хазіреттің өнегелі өмір жолы баяндалған. Бұл басылымның басты мақсаты — ғасырлар қойнауына жеткен діни-дидактикалық, діни-сопылық, діни-канондық және діни-танымдық тұрғыда жазылған қолжазбалар, тасбаспалар мен литрографияларды мейілінше толық жариялау, бабалар мұрасын жарыққа шығару арқылы дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *