ИҒЗИ: ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

✅ ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтында «Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі діни терминдерді талдау» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

✅ Шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ф.ғ.к., доцент Р.Мухитдинов және Алматы қаласының мешіт имамдары қатысты.

✅ Семинарда институт директоры, ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр «Қазақ діни ағартушылары және терминдер жүйесі» тақырыбында баяндама жасап, «Рухани мұра» ғылыми жобасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

✅ Дәстүрлі діни мектеп өкілдері – қазақ ағартушыларының жазба мұраларындағы ислам терминологиясының ерекшеліктерін талдап, олардың ұлт руханияты мен діни-теологиялық коммуникация кеңістігін қалыптастырудағы рөліне назар аударды.

✅ Сондай-ақ семинар барысында Институт ғылыми қызметкерлері «Рухани мұра» ғылыми жобасы аясы әзірлеген зерттеу еңбектері бойынша баяндама жасады.

✅ Айта кетейік, жоба аясында осы уақытқа дейін онға жуық еңбек жарық көрген. Олардың қатарында Қ.Иассауи қолжазбаларынан бастап, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Мұхаммед-Шәріп ахун, И.Тілеуқабылұлы, Қ.Шаһмардан, К.Қаңтарұлы, М.Жұмашев сынды көрнекті ағартушы-ғалымдар мен дін қайраткерлерінің еңбектері бар.

✅ Аталған еңбектерде исламның негізгі қайнар көздері – Құран мен сүннетке сүйенген діни түсініктер мен ислам ғылымдарындағы негізгі терминологиялық жүйе кеңінен көрініс тапқан.

✅ Өз сөзінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ф.ғ.к. Р.Мухитдинов діни терминдердің ғылыми тұрғыдан дұрыс интерпретациялануының маңыздылығын атап өтіп, оларды біріздендіру қажеттігіне назар аударды.

✅ Сонымен қатар, алдағы уақытта діни терминологияны жүйелеуге бағытталған ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытты.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *