Абайтанушылар бас қосқан форум

ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.Қыдыр Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абайтанудың жаңа кезеңі және Жабал Шойынбет» атты республикалық форумға қатысып, пленарлық мәжілісте «Абай және Ислам құндылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Онда Абай шығармаларына Ислам дінінің әсері, ақын өлеңдерінде Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінің интерпретациялануы, Алланы махаббатпен тану ұстындары туралы айтып өтті.
Форум Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен көрнекті абайтанушы-ғалым Жабал Шойынбеттің 70 жылдығына арналған. Ғылыми шараға Оразалы Сәбден, Дандай Ысқақұлы, Балтабай Әбдіғазиұлы, Гүлзия Пірәлиева, Руда Зайкенова секілді белгілі ғалымдар қатысты.
Осы форум аясында Т.Қыдыр «Қазақстан» телеарнасына бүгінгі абайтанудағы өзекті мәселелер туралы сұхбат берді.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *