Қостанайда «Міржақып Дулатұлы – 140 жыл: Өмірі мен мұрасы» атты республикалық ғылыми‑тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шараға қатысып, ақынның қазақ халқының рухани жаңғыруына, білім мен мәдениетке қосқан үлесін атап өтті. Ол Дулатұлының «Оян, қазақ!» ұранының жастар үшін де маңызды өнеге екенін айтты.
Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, ғалымдар мен дін саласының мамандары қатысты. Қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығын, оның ұлттық сана мен рухани құндылықтарға қосқан үлесін жан-жақты талқылады.
Сонымен қатар шара барысында «Бақытсыз Жамал: тағдыр және таным» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталып, Бас мүфти I, II, III орын иегерлеріне сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.
