ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр ІІІ Халықаралық семинарға қатысып, баяндама жасады.

Т.Қыдыр өз баяндамасында Алтын Орда дәуірі мен Мәмлүк-қыпшақтары тарапынан жазылған түркі әдеби тіліндегі жәдігерлердің ерекшелігі, құнды мұралардың қазақ ғалымдары тарапынан зерттелуі мен бүгінгі күнде осы салада жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы кеңірек тоқталды. Соңғы жылдары Т.Қыдырдың жауапты редакторлығымен «Алтын Орда әдебиеті: генезис, жанрлық ерекшелік, дәстүр жалғастығы» (2022), «Қазіргі қазақ руханиятындағы мәмлүк-қыпшақтардың әдеби, тілдік және мәдени ескерткіштерінің рөлі мен орны» (2024) атты екі ұжымдық монография жарық көрген.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *