Мақтаулы МҰХАММЕД

Бұл жыр жинағына ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мадақтаған жырлар, атап айтқанда сияр, нағт, миғражнама, мәуліт т.б жырлар енгізілді. Кітапқа түркі әдеби тілінде жазылған шығармалар ( Қарахан мемлекеті, Алтын Орда, Қазақ хандығы) мен қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің және қазіргі белгілі ақындардың Алла елшісіне арналған өлеңдері қамтылды.

Жинақта екі дүние сәруарының тарихи тұлғасы ұлықталып, әдеби бейнесі сомдалады. Кітап Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарды жақсы көретін барша жырсүйер қауымға арналған.