ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры Төрәлі Қыдыр мен «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК Бас директоры Ұлар Оразғалиұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

✅ Кездесу барысында Төрәлі Еділбайұлы мекеме ұжымы мен ғылыми қызметкерлеріне институттың қолға алған ғылыми жобалары жөнінде баяндап, негізгі мақсат – дәстүрлі исламды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу екенін атап өтті.

✅ Өз кезегінде Ұлар Оразғалиұлы институт қызметіне табыс тілеп, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

▶️ «Ғылым ордасы» құрамындағы Орталық ғылыми кітапхана мен Сирек кездесетін кітаптар музейі қорында 210 мыңнан астам сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Олардың қатарында көне жазба жәдігерлер, ірі ойшылдардың мұралары, қазақтың алғашқы баспа кітаптары, сондай-ақ Құранның қолжазба үлгілері бар.

▶️ Институттың басты міндеттерінің бірі – осы рухани-діни мұраларды, көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды кодикологиялық және мәтінтанулық тұрғыдан зерттеп, ғылыми сараптаудан өткізу, оларды ғылыми айналымға енгізу және қазіргі қоғамның сұранысына сәйкес қайта жариялау болып табылады.

▶️ Алдағы уақытта «Ғылым ордасымен» бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *