Ислам энциклопедиясының 2 ТОМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.

Бүгінде көлемді жарияланымдар оқитын адам сирек. Есесіне, қысқа да нұсқа ақпараттарға сұраныс жоғары. Осындай кезде оқырмандарға энциклопедиялық мәліметтер ауадай қажет екені анық. Осы орайда, шынайы деректер мен нақты дәйектерге негізделген «Ислам энциклопедиясы» нағыз көмекші құрал болары хақ. Бұл энциклопедияда ғылыми деректер мен нақты мәліметтер қамтылады. Осы арқылы Ислам құндылықтарын ықшамдап жазуға назар аудардық. Кітап жалпы оқырмандарға арналады.

Ислам энциклопедиясы еңбегінде Ислам тарихы мен өркениетіне, салалық дін ғылымдарына қатысты маңызды атаулар, терминдер, тұлғалар, оқиғалар, еңбектер т.б. маңызды мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар, қазақ руханиятына ықпал еткен, дінге қызмет еткен – Орталық Азия, оның ішінде қазақ даласындағы елеулі тұлғалар мен дінмен астасып жатқан ұлттық құндылықтарымызға да көлемді орын берілген.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *