Кел, балалар, оқылық!

✅«Рухани мұра» сериясының келесі кітабы — Кашшафуддин Шаһмарданұлының «Кел, балалар, оқылық!» атты еңбегі.

✅ Молда Кашшафуддин ибн Шаһмардан ибн Ғибадулла ибн

Фатхулла әл-Минзәләуи әс-Сулуки (1864-1920 жж.) — Қарқаралыда қызмет атқарған діни ағартушы, ақын. Қазақ және татар тілдерінде 80 өлең жазып, сөз өнерінің дамуына үлес қосқан.

✅Ол Қазан қаласындағы Шиһабуддин Маржанидің медресесінде тәлім алған. Маржанидің жанында 9 жыл білім алып, ұстазының қолжазбасын баспаға дайындаған. Уфа

дағы мұсылмандар діни басқармасының емтиханын

сәтті тапсырған соң, Қарқаралы қаласына мұғалімдік

қызметке тағайындалды.

✅ Ақын өмірін зерделеген әдебиеттанушы З.Салқынбаевтың (2003 ж. Қазақ Ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған) жазуынша, Кашшафуддин ибн Шаһмардан – 27 кітаптың авторы. Оның шығармаларын үшке бөліп қарастыруға болады: автордың төл туындылары, шығыстық үлгідегі қиссалары және халықтық фольклор жинақтары.

✅Ақынның «Кел, балалар, оқылық» кітабы Ыбырай Алтынсариннің шығармасы негізінде дүниеге келген. Идея-мазмұны өте жақын. К.Шаһмарданұлының шығармасы:

«Бір Алладан тіленіп,

Ғулум, фунун сұранып,

Мәңгі дәулет ізденіп,

Кел, балалар, оқылық!» деген жолдармен басталады.

✅Бұл басылымда еңбектің факсимилесі, асылмәтіні, ғылыми түсіндірмелері, терминологиялық сөздігі және латын әрпіндегі транскрипциясы берілді

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *