Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде ИҒЗИ директоры Т.Қыдыр 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп берді.
Төралқа жиыны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтті. Жиын барысында «Рухани мұра» жобасы аясында жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтті.
Институт ғалымдары дайындаған Қашшафуддин ибн Шахмарданның «Оқы намаз, достарым», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Дін тағылымы» және Ибраһим Тілеуқабылұлының «Имам Ағзам қиссасы» оқырман назарына ұсынылды. Институт директоры Т.Қыдыр ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай шығарылған медальмен марапатталды.


