2025 ЖЫЛҒЫ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісі қорытындыланды.

Төралқа отырысы ҚМДБ-ның 2025 жылдағы қызметін таныстыратын бейнематериалмен басталды. Басқосуда наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы «Айтулы шаралар» жоспарының орындалуы жөнінде, ал наиб мүфти Ермек Мұқатай басқарманың негізгі бағыттары бойынша есептік баяндама ұсынды.

Жиында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Оңғар, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қыдыр Төрәлі, сондай-ақ Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қыдыр Төрәлі жыл бойына атқарылған және оң нәтиже берген жұмыстарға, институтта жарық көрген жаңа кітаптарға, ғылыми зерттеулер мен отандық ұйымдармен ынтымақтастықтарға тоқталды. Қорытындылай келе, бұл ауқымды жұмыстар білім мен ғылым саласында елеулі үлес қосып, алдағы уақытта жаңа жобаларды дамытуға негіз болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай дін саласына сүбелі үлесі үшін ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қыдыр Төрәлі мен Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев мерекелік медальмен марапатталды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *