Таразда көне жазбалар мұрасын зерттеуге арналған ғылыми семинар өтті

Тараз қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Көне қолжазбалар мен ескі кітаптар – Дәстүрлі ислам құндылығы» атты ғылыми семинар ұйымдастырды. Ғылыми семинар ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының тікелей ұйытқы болуымен өткізілді. Семинарға ҚМДБ ИҒЗИ директоры Төрәлі Қыдыр, Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің директоры Ләззат Қожаханова, архив бөлімінің басшысы Сағындық Зейнуллаұлы, «Тараз қаласы мемлекеттік архивінің» директоры Нұрхат Тірібосынұлы Серікбаев, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ілияс Рысбекұлы Сейітжан, сондай-ақ, архив, музей саласының қызметкерлері мен көне мұраларға қызығушы мамандар қатысты.
Семинарда арнайы баяндама жасаған ИҒЗИ директоры Т.Қыдыр қараһандықтар, Алтын Орда, Қазақ хандығы тұсында көшірілген қолжазбалар мен ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында жарық көрген тасбаспалар мен литографиялардың тарихына шолу жасап, бабалардан қалған сол мұраларды зерттеп-зерделеудің маңызы туралы айтып өтті. Ол көнекөз қариялардың сырлы сандықтарында жатқан көне кітаптардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында атқарылар негізгі міндеттерге тоқталды. Себебі уақыт өтісімен ескі қолжазбаларға түрлі бактериялар түсіп, жойылып кету қаупі туындауым мүмкін. Сондықтан да оларды заманауи құрылғылардың көмегімен қайта тіктеп, арнайы жерлерде сақтау қажеттілігін атап өтті.
Семинарда сөз алған Архив бөлімінің басшысы Сағындық Зейнуллаұлы, «Тараз қаласы мемлекеттік архивінің» директоры Нұрхат Тірібосынұлы Серікбаев тарихи құжаттар мен жазба мұралардың сақталуы мен оларды кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекшелігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Семинар соңында Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы баяндамашылар мен қатысушыларға өз алғысын білдірді.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *