бас мүфти «айқын» газетіне берген сұхбатында институт жаңалықтарымен бөлісті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Айқын» газетіне берген сұхбатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі уақытта атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырды. Сұхбат барысында Н.Тағанұлы ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының ғылыми еңбектерін де тілге тиек етті.

Бас мүфти Ислам ғылыми-зерт­теу институтының ашылу мақсатын Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзімен етене байланыстырып, халқымыздың дүниетанымына сәйкестендіре отырып, ислам дінін дәріптеу маңызды екенін алға тартты. Осы мақсатқа сай, «Ислам энциклопедиясының» жарыққа шығуы туралы негізгі ақпараттарды келтіріп өтті. Сондай-ақ, институттың себебімен Алтын Орданың билеушісі болған Өзбек ханның алтын сиямен жазылған Құраны­ның көшірмесін елге әкелгенін, Қазақстандағы исламдық ғылыми айналымға оң септігін тигізетін өзге де іс-шаралардың атқарылып жатқанын баяндады.