ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ

«Ана тілі» газетінің 3 сәуір күні жарияланған бөлімінде ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр еліміздегі біршама өзекті мәселелер туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында филология ғылымының кандидаты, доцент Т.Қыдыр қазіргі парсы тілі мен әдебиетінің жалпы әлемдік руханият кеңістігіндегі орны мен мәнін баяндап, «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы» сияқты жобалардың шығу тарихы мен ерекшелігіне тоқталды. Сондай-ақ Абайдың «Ғақлият» еңбегінің қолжазбалық нұсқаларын және оның «Қара сөз» аталуының негізгі себептерін түсіндірді.

Институт директоры бұдан бөлек бабалар мұрасын насихаттау мақсатында «Рухани мұра» атты көптомдық еңбекті жазу барысымен таныстырды. Сондай-ақ институт ұйымдастырған іс-шаралар мен конференциялардың маңызын, алда жарыққа шығатын еңбектердің Қазақстандағы исламдық ғылыми айналымындағы рөлін атап өтті.