Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия Республикасына барған жұмыс сапарында Қазақстанның осы елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Сәбитұлымен кездесті. Осы кездесуде ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр да қатысты.
Кездесу барысында тараптар шетелдегі қазақ диаспорасымен рухани байланысты нығайту, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ рухани-мәдени дипломатия бағытындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Бас мүфти елшілік тарапынан сапарды ұйымдастыруға көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында тараптар елшілік пен ҚМДБ арасындағы өзара үйлесімді жұмысты одан әрі жалғастыру шетелдегі қазақ диаспорасының ұлттық және рухани болмысын сақтау ісіне оң ықпал ететініне сенім білдірді.



