Білім мен тәжірибеге бағытталған студенттік практика

Жылдың басында Ислам ғылыми-зерттеу орталығына Нұр-Мүбарак ислам университетінен және ҚазНУ университетінен практикант студенттер келді. Студенттерді ИҒЗИ директоры Төрәлі Қыдыр жылы қабылдап, оларға мекеменің қызмет бағыты, ішкі тәртіп ережелері және жұмыс құрылымымен таныстырды. Сонымен қатар студенттерге келешекте ғылым мен білімнің тізгіні жастардың қолында екені атап өтіліп, практикадан өту тек тәжірибе жинақтау ғана емес, ғылыммен айналысуға деген қызығушылық пен құлшынысты оятатын мүмкіндік екені түсіндірілді. Осы мақсатта олардың практика аясында өз қабілеттерін ашуына бағыт беретін мамандармен таныстырылды

Алғашқы күні практиканттарға жұмыс орны көрсетіліп, әр бөлімнің міндеттері түсіндірілді. Олар мекеменің күнделікті қызметімен танысып, өздеріне бекітілген жетекшілерден алғашқы тапсырмалар алды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелері мен қызметтік жауапкершілік талаптары түсіндірілді.

Нұр-Мүбарак университетінен келген студенттер рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстармен танысуға қызығушылық танытса, ҚазНУ университетінің практиканттары сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры жұмыстарына назар аударды.

Практиканттардың алғашқы күннен-ақ ынта білдіруі және тәртіптілігі олардың практика кезеңін сәтті бастауына негіз болды


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *