Оқы намаз, достарым!

Оқырман назарына ұсынылып отырған «Рухани мұра» сериясының 8-кітабына Кашшафуддин Шаһмарданұлының «Оқы намаз, достарым» еңбегі еніп отыр. Аталмыш кітап 1898 жылы Қазан қаласындағы Каримовтар типографиясынан басылып шыққан. Қазіргі күні ҚР Ұлттық кітапханасы қорында сақталған. Бұл шығармада автор намаз окудың маңыздылығына тоқталып, сөздерін аят-хадистермен қуаттап отырған. Еңбектің басым бөлігінде намаз оқушылардың артықшылығы мен олардың осы дүниеде һәм ақыретте көретін нығметтері баяндалады. Кашшафуддин ибн Шаһмардан бұл еңбегінде намаздың ерекшелігін өлең түрінде ұсынған. Кітап автордың өзге еңбектері секілді секілді уағыз-насихат түрінде жазылған. Өлеңінің әрбір шумағы «Оқы намаз, достарым» деп аяқталып отырады. Ғалым еңбегін жазу барысында исламның негізгі қайнаркөздеріне сүйенген, оны халыққа түсінікті тілде тәпсірленген.

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *