ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің 46-мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ислам энциклопедиясы ІІ том» және «Пәтуалар жинағы 1-5 том» кітабының тұсаукесері өтті.

Бас мүфти атап өткендей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Ислам энциклопедиясының» ерекшелігі – бұл еліміздегі Ислам дініне арналған алғашқы көптомдық энциклопедия. Алдағы уақытта оқырманға оның 5 томы ұсынылады. Алла қаласа, барлық томдары рет-ретімен жарық көріп, оқырмандардың қолына жетеді деген сенім бар.

Сонымен қатар, бұл жобаның аясында жарық көрген «Ислам энциклопедиясы» мен «Пәтуалар жинағы» (1-5 том) кітаптары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен дайындалған. Олар діни сала қызметкерлері, ізденуші шәкірттер, ғалымдар және жалпы оқырман қауымға арналған.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *